^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Ата аналармен психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру 

  • Өз балаңды жақсы көре біл!

Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз, оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет. 

  • Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!

Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз! 

  • Өз балаңызбен ойнаңыз!

Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп, өзіне және өзгелерге балаңыздың көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді. 

  • Баламен бірге еңбектен!

Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз. 

  • Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!

Әр адам өзіне де, өзгеге де кесір келтірмей өмір сүруі керек. Баланы тәрбиелеуде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте тұтып, белгілі бір заңдылықтарды орындай отырып, баланың тәрбиесіне аса ұқыптылықпен қарап, нәтижелігіне мән беру керек. Бала тәрбиесіндегі жазалау әдісі жіне шектен тыс еркелету оның тәрбиесіне керіәсерін тигізеді.

 

Бала тәрбиесі - баршаның ісі. 

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Өйткені, жас ұрпақтың жан- жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осы кезең балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бір нәрсе естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Бала 1,5-2 жасынан бастап жуынып-тарануға еліктеп, ұмтылады. 2-3 жастан бастап алдына мақсат қоя бастайды. «Мен өзім» деп еңбек әрекеттерінде ересекке тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады. Бірте- бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында өз әрекетін жоспарлап, нәтижесін көруге тырысады. Егер ата- анасы баласын өзі киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай салса, тәрбиенің тиімділігі төмен болады.

Жақсы перзент ата- ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. О бастан баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, бір екі рет көрмегенсіп, білмегенсіп, қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын- оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылық пен айбаттылығын өнеге еткен абзал.

Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде өз ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. Адамдармен тез тіл табыса алады. Бала мен үлкендер арасындағы байланыс қазіргі заманда бұрынғы заманмен салыстырғанда едәуір дамыған.

Ата- ана - отбасының рухани тірегі. Балабақшаға балалардың мінез-құлқы, көбінесе, отбасынан қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі олардың ата- анасы берген қабілеттерін шыңдайды.

Тәрбие: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі болып тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны дей келіп, «балам адал болсын» дейтін ата- ана осы тәрбиелерден бастау алса деймін.

Ата- ананың жұмсақтығынан бала жұмсақ, бос болып өседі, ал қатал болса, олардың жоқтығын пайдаланып, өз еркімен ойына келгенін істейді.

Ұлт тәрбиесі ұлт- болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата- ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан ірілі-уақты оқиғалар: ата- ананың бір- бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез- құлқы да соған қарай қалыптасады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деген халық даналығы осыған байланысты туса керек. Шын мәніндегі өнеге, бедел ата- ананың да, мұғалімнің де бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін, дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Кейбір ата -ана беделге барынша қаталдықпен жетуге тырысады, айқайлап, ұрысу сияқты өрескел мінез көрсетеді. Шектен асқан қатаңдық баланы қорқақ, жасық етіп, тіпті оны ауруға да душар етеді.

Көрнекті педагог А.С.Макаренко, балаға қатаң талап қою да қажет, бірақ оларды құрметтей де білу керек екенін арнайы сөз еткен болатын, біз бұны көбіне естен шығарып аламыз. Балаға бір нәрсе туралы бірнеше қайталап айта берсең, ол сөздің қасиетін жояды. Сондықтан баланы ең жас кезінен ата- анасын бір айтқанда -ақ тыңдап, талабын орындауға үйреткен орынды. Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ақиқат сөзімен дәлелдегім келеді. 

Бала тәрбиесі
Ата-ана мен балабақшаның ролі 

Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқасүйері де бүгінгі жас ұрпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып, өсіру міндеті алда тұр.

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.

Соңғы жылдары жалпы білім беретін балабақша, мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.

Жақсы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе жұмысты балабақшадағы тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.

Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін. Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап ұрпақ тәрбиесін тек балабақшаға немесе мектепке ғана ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді тағы бір еске салып қойсақ артық болмас.

Ата- ана балабақша ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауда ұстап отыру; балаға отбасында қалыпты жағдайдың сақталуын, білім алуына қажетті материалды қамтамасыз ету; балабақша жарғысын орындау; баланың уақытынан кешікпей келуін, себепсіз қалмауын қадағалау.

Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін назарда ұстаған жөн.

Балабақша-ата­-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.

Жылауық балалар

Жылау түрлі себептен туындауы мүмкін. Сіздің тобыңызда өзге балаларға қарағанда көп жылайтын балалар бар ма? Сіз олардың қай кезде жылайтынын бақыладыңыз ба?

Жылайтын бала өзін қалай ұстайтынын байқаңыз:

  • Барша адаммдарға естірте жылайды, олардың араласуын талап етеді.
  • Өзімен өзі болуды қалайды, жылауының себебін айтпайды.
  • Жылауы ештеңеге көнбеушілікке ұласады.

Осы айтылған әрекет түрлері баланың мінезін жақсы түсінуге және оған көмекке келуге көмектеседі. Мынаны есте ұстау керек, жылау бала үшін эмоциясының қалыпты көрінісі.

Тәрбиеші баланың неден әсерленгенін сұрап білуі керек:

  • Жылауының себебін анықтау.
  • Болған жағдайды өзгертуге тырысу.
  • Балаға оның сезімін түсінгеніңізді білдірту. 

Психологтың кеңесі:

  1. Баланың жанына келіп отырып құшақтау.
  2. Баланың жылауына назар аудару.
  3. Балаға су беру, жуындыру.
  4. Жылау себептерін жою.
  5. Егер бала ұзақ жылап анасын шақырса, анасымен байланысқа шығып, баласымен сөйлесуге мүмкіндік жасау. Ата анасына ертерек келіп алуын ұсыну.
  6. Баланың жылауы тоқтамай, көнбеушілікке ұласса, психологтен кеңес алуды ұсыну.

 

Балабақша жағдайына бейімделу
(психолог кеңесі) 

Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына көнетін» және «балабақша жағдайын қабылдамайтын» балалар кездеседі.

Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз:

  1. Баланы қысқа мерзімге балабақшаға беру.
  2. Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, оларды қонаққа шақыру
  3. Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу.
  4. Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу.
  5. Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу.
  6. Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу.

Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады? 

Психологтің ұсынысы:

  1. Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар.
  2. Топтағы ойыншықтарға назарын аударту.
  3. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу.
  4. Доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген баланы шақыру. 

Психологтар мынаны ұсынбайды:

  1. Баланы анасынан күшпен айыру.
  2. Тамақты еріксіз ішкізу.

3. Баланың көз жасына көңіл аудармау. 

 

Ата-аналарға арналған анкета
«Отбасындағы тәрбие стиліңіз қандай?»

Құрметті ата-ана!
Үш нұсқаның біреуін таңдаңыз.
1. Балам еркелеп,күнде жеп жүрген тамағынан бас тартады Сіз:
а) басқа тамақ бересіз;
б) стол басынан кетуін талап етесіз
в) тамағын жемегенше стол басынан тұрғызбайсыз.
2. Балаңыз аулада ойнап жүреді,бір кезлде сүйікті ойыншығын жоғалтып үйге келеді,Сіз:
а) балаңызбен бірге жоғалған ойыншық үшін көңіліңіз түседі;
в) балаңызды жұбатасыз
3. Балаңыз ұйықтаудың орнына,телевизор алдынан шықпады,Сіз:
а) сөзсіз тв сөндіресіз;
б) ұйықтау үшін не қажет екенін сұрайсыз
в) балаңыздың тыңдамағаны үшін ұяласыз.
4. Балаңыз ойнаған ойыншығын тастап,жинамай кетеді,Сіз:
а) қолы жетпейтін жерге қоясыз «шамалы қиналсын» деген оймен»;
б) жинасуға көмектесесіз
в) оны жазалайсыз.
5. Балаңызды балабақшадан алып кетуге бардыңыз,оны тез киіндіріп,почтаға соғуыңыз керек,бірақ балаңыз әртүрлі сылтаумен сөзге айналдырып сіздің мазаңызды алады:
а) ұрсасыз;
б) оның осындай тәртібі үшін жыныңыздың келіп тұрғанын айтасыз ;
в) көңіл бөлмей, тез киіндіруге тырысасыз.

Түсінік хат. 

           Алғашқы күннен бастап адам қоршаған ортаның алуан түрлі құбылыстарымен: адаммен, затпен, оқиғамен соқтығысады. Айналамен таныса отырып, адам белгілі  бір нәрсеге өзінің субъективті көзқарасын, сезімін білдіреді.

         Эмоция(лат. еmoveo-қоздырамын, толқытамын) адамды  не толқытса соның, адам үшін сыртқы және ішкі стимулдардың, ситуациялардың,оқиғалардың маңыздылығын бейнелейді. Қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын адам қабылдағанда, ол оларға әрқашанда кейде салқын да емес, тіпті парасаттылық та емес, өзгеше бір әсерленушілік танытады. Кейбір оқиғалар оған қуаныштылық туғызады, басқалары оған қанағаттанбаушылық туғызады, ол кей  адамдарды ұнатады, басқаларына немқұрайлық танытса, үшіншілерін жек көреді; кей нәрсе оны  ашуландырады, кейбір нәрседен қорқады; өзінің кейбір қылықтары үшін мақтанады; басқа бір қылықтары үшін ұялады. Қанағаттану, қуану, қайғы, қорқыныш, сүйіспеншілік- әр түрлі заттарға, құбылыстарға, адамдарға білдіретін  адамның көңіл-күйінің формалары болып табылады.

         Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады.  Олар шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сезім бет-әлпетімізде , іс-әрекетте, ым-ишарадан көрініп тұрады.

         Бала алғаш балабақшаға келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді. Сондықтан үлкендер баламен жағымды  қарым-қатынас құру қажет.

         Тәрбиешілер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты- баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл- күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады.

 Мақсаты:

 Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық аумағын дамыту.

Міндеттері:

  • Балаларды өзінің және айналасындағылардың эмоциялық көңіл-күйін түсінуге үйрету;
  • Эмоция түрлеріне (қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу)  түсінік беру және ым ишара арқылы сезімдерді түсінуге үйрету;
  • Өз сезімдері мен эмоцияларын басқара  алу қабілетін жетілдіру.
  • Балалар өз эмоция сезімдерін  және айналасындағылардың эмоциясын түсіне білуді үйренеді;
  • Өз эмоцияларын  (қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу) ым ишара арқылы көрсете алады;
  • Өз сезімдері мен эмоцияларын басқара алады.

Әдіс-тәсілдері:

Тест, сауалнама, тренинг, ойын, жаттығу, психогимнастика, релаксация, сурет салу, рөлдік ойын.

Өткізіледі: аптасына 1 рет. 

Бағдарлама ұзақтылығы:  1 жыл.

Жұмыс түрі: жеке және топтық. 

Күтілетін нәтиже:

Бағдарлама құрылымы және мазмұны:

 І тарау.  Кіріспе (6 сағат)

         Бұл тарауда балалар топта жағымды қарым-қатынас құруды үйренеді. Эмоция әлеміне саяхат жасай отырып, оның түрлерімен танысады. 

ІІ тарау. Жағымды эмоция түрлері (10сағат) 

         Балалар жағымды эмоция түрлерімен танысады. Жағымды эмоцияның адам өміріне пайдасы туралы  ұғынады. 

ІІІ тарау. Жағымсыз эмоция түрлері (20 сағат)

         Егер қайсы бір заттар, құбылыстар, деректер біздің қажеттілігімізге немесе қоғам талабына үйлесім таппаса, онда  жағымсыз  эмоция пайда болатыны туралы балаларға мағлұмат беру. Жағымсыз эмоциялардың адам өміріне тигізетін зияны туралы айту. 

Күнтізбелік жоспар 

Тақырыбы

Теория

Практика

Әдіс-тәсілдер

Күтілетін нәтиже

Кіріспе

Танысу

1

1

Тренинг, диагностика

Әрбір балаға өзінің жеке тұлғасы мен ұнамды кескінін тануға мүмкіндік берілді.

Эмоция әлемі

1

1

Этюд, жаттығу, сурет салу 

Балалар уайыммен эмоцияның өзара байланысын және оның сыртқы көрінісін сезінді. Өз сезімдерін шығара алды.

Менің көңіл-күйім

-

1

Аутотренинг,  ойын

Балалар уайыммен эмоцияның өзара байланысын және оның сыртқы көрінісін сезінді. Өз сезімдерін шығара алды.  

Ойыншықтар қалашығы

-

1

Құм терапиясы

Жағымды эмоционалдық атмосфера жасалды,  шығармашылық түрде ойлауға дағдыланды.

Жағымды эмоция түрлері

Қуаныш

1

1

Психогимнастика, рөлдік ойын, жаттығу

Қуаныш сезімімен танысты.

Қуаныш және көңіл-көтеру сезімдері

1

1

Психогимнастика, рөлдік ойын, жаттығу

Эмоцияның жағымды түрлерімен танысты. Қуаныштың адамға пайдасы туралы білді

Қызығушылық

1

1

Тренинг, диагностика, түзету-дамыту

Қызығушылық сезімімен танысты

Таң  қалу

1

1

Тренинг, жаттығу, психогимнастика

Таң қалу сезімімен танысты

Жағымды көңіл-күй

1

1

Тренинг, сурет салу, ойын

Эмоцияның жағымды түрлерімен танысты.

Жағымсыз эмоция түрлері

Қайғы  және қуаныш

1

1

Қуыршақ театры, «Хоровод» жаттығу, психогимнастика

Қайғы  сезімімен танысты

Жек көру

1

1

Тренинг, ойын, жаттығу,рөлдік ойын

Жек көру сезімімен танысты.

Жиіркену, кінә  

1

1

Психогимнастика, рөлдік ойын, жаттығу

Жиіркену, кінә  сезімімен танысты

Қорқыныш

1

1

Фото -суреттік көрме, талдау, ойын

Қорқыныш сезімімен танысты

Көңілсіздік

1

1

Ойын, этюд, сурет салу

Көңілсіздік сезімімен танысты.

Ашу

1

2

Интервью, ертегіден үзінді, би терапиясы

Ашу сезімімен танысты, эмоцияны ажырата білуді үйренді

Қарым-қатынас құру жолдары

1

1

Ойын, жаттығу, релаксация, психогимнастика, рөлдік ойын

Балалар өзара жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жасауды қалыптастырды.

Біздің эмоциямыз

1

1

Релаксация, психогимнастика, рөлдік ойын

Эмоция туралы түсінді, жағымды және жағымсыз эмоция түрлерімен танысты

Сезімтал алақандар

1

1

Құм терапиясы

Ой-қиялы, шығармашылық ойлауы, сезімталдық пен қолдардың ұсақ моторикасы дамыды.

Қорытынды

-

1

Диагностика

 

Жалпы сағат саны

 

36

   

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

      Тәрбиешілерге арналған әдебиеттер: 

  1. Бардиер Г. «Я хочу» - СПб., Дорваль,1993
  2. Калинина Р.Р. «В гостях у Золушки» - Псков,1997
  3. Минаева В.М. «Развитие эмоций дошкольников» - М., Аркти,1999
  4. Выготский Л.С. «Игра и ее роль в психологическом развитии ребенка» - Вопросы психологии № 6, 1996
  5. Зинкевич Т.Д. «Теория и практика сказкотерапии» - СПб., Гармония,1996
  6. Фоппель К. «Психологические игры и упражнения» - М.,1998
  7. Хухлаева О.В. «Лесенка радости» - М., Совершенство,1998
  8. Гиппенрейтер Ю.Б. «Общаться с ребенком. Как?» - М.,2001
  9. Сатир В. «Как строить себя и свою семью» - М.,1992
  10. Родничок. Книга для чтения детям 4-5 лет. – М.,1993
  11. Михалков С. Сказки, пьесы, стихи. В 3-х книгах. – СПб.,1994 

 

      Ата-аналарға арналған әдебиеттер: 

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. «Общаться с ребенком. Как?» - М.,2001
  2. Сатир В. «Как строить себя и свою семью» - М.,1992
  3. Родничок. Книга для чтения детям 4-5 лет. – М.,1993
  4. Михалков С. Сказки, пьесы, стихи. В 3-х книгах. – СПб.,1994