^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен
тыс жерде педогогика
да жоқ, педагог те жоқ,
К.Д.Ушинский 

Халық педогогикасы материалдарын жас кезеңдеріне сәйкес пайдалану ерекшеліктері.

Шолу дәріс. Нәрестелік кезеңдегі бала тәрбиесіндегі халық дәстүрлері. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің табысты болуы тәрбиеші олардың жас және даму ерекшелігін дұрыс біліп, өмірін , іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты. Қазіргі мектепке дейінгі педогогика, психология ғылымдары бала дамуының бірқалыпты өтпейтіндігін (секірмелі, дағдарысты өтеді) ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге бөлінеді. Туғаннан бастап мектепк барғанға дейін кезеңде бала үш дағдарыс сәттерін : бір жаста, үш жста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге бөлінеді : Мұндай жас топтарына бөлінуі бағдарламалар , әдістемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмұнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала тәрбиесімен айналысатын болашақ мамандарға , ата-аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.

Подробнее...

Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ,
Күшіңе сенбе, адам ісіңе сен.
М.Әуезов.

Мектепке дейінгі жастағы еңбек тәрбиесі.

Бағыттаушы дәріс:жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – мңызды педогогикалық просец. Өйткені , болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер етендей, бастаған ісін соңына дейін аяқталуына , оның әсем де әлемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдесу, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету. Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

Подробнее...

Педагог ұқыпты , шын мәніндегі
өнегелі ұстаз-тәрбиеші болуға тиіс,
ақыл-парасатты, қажырлы, өтірік айтпайтын ,
қолайсыз іске бармайтын, дүниеқоңыздыққа
салынбайтын, өз нәпсісін тыйып ұстайтын адал да,
шынышл адам болуға тиі.
В.Н.Татищев

Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой тәрбиесі.

Бағыттаушы дәріс. Ақыл- ойдың дамуы бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл –ой дамуын әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Оны айналадағылар араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып , сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педогогика ғылыми ақыл-игеру , олардың қорын жинау , шығармашылық ойды дамыту және білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.

Подробнее...

Балабақша мен отбасының жұмысындағы сабақтастық

Оқушы –студенттер өзіндік жұмысы ретінде ұсынылған материалдар негізінде ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың түрлеріне жоспар құрады, іс-әрекеттің түрлеріне сәйкес кеңес, нұсқау, есеп беру, жылжымалы папка дайындау, күнделіктер жазу, отбасылық газет, шығару және ата-аналарды оқу –тәрбие жұмыстарына тартудың жолдарын үйренеді, дербес әрекет етуге дағдыланып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығады, өмірлік дағдылары қалыптасады. подробнее

 Тәрбиешінің жеке басының жас жанға
ететін ықпал оқулықтармен де,
жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де,
жазалау және мадақтау жүйесімен де,
ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие.
К.Д. Ушинский

Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі. Ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстар

Бағыттаушы дәріс. 1. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісімектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.

Подробнее...