^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Музыкалық әдістемелік кеңес. 

Балалардың музыкалық мәдениетінің, эстетикалықталғамның қалыптасуына музыканың тигізер әсері орасан зор.

Балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың музыканы тыңдау, есте сақтау, әнді жеке қосылып орындау, әннің сөзін анық, дұрыс айту музыкаға деген сұйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру – музыка жетекшісінің шеберлігіне байланысты.

Музыкалық тәрбиенің негізгісі мақсат - міндеттерін сәбидің жас ерекшеліктеріне сай музыкалық репертуарларды бірдіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыру қажет.

Музыкалық тәрбие беру барысында ұлттық негіздегі ән-күйлер, классикалық музыка, қазіргі жаңа ән-әуендерді тыңдату- баланың музыка әлеміндегі тыныс-тіршілігін кеңейтіп, таным қабілетін дамытады.

Еліміздің соңғы жылдары жеткіншектерге жеткілікті түрде көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерді жан-жақты, патриоттық рухта, мейрімділікке , әсемдікті сүйюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше.

Музыка пәні көркем әдебиетпен де, қоршаған ортамен де, тығыз байланысты. Жылдың төрт мезгілінде кездесетін табиғаи құбылыстарды, өзгерістерді ұғындыра, түсіндіре отырып, сол құбылыстарды музыка тілімен байланыстырамыз.

Балалар әуен сипатына сай қимылдар жасап дағдыланады. Әрбір ырғаққа, әннің мәтініне сай жасалатын қимыл- қозғалыстан би әлементтерін қамтиды. Музыкалық тәрбиенің негізгісі мақсаты- міндеттеріне сай баланың жас ерекшеліктеріне лайық жеңіл ән үйрету керек.