^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Педагог ұқыпты , шын мәніндегі
өнегелі ұстаз-тәрбиеші болуға тиіс,
ақыл-парасатты, қажырлы, өтірік айтпайтын ,
қолайсыз іске бармайтын, дүниеқоңыздыққа
салынбайтын, өз нәпсісін тыйып ұстайтын адал да,
шынышл адам болуға тиі.
В.Н.Татищев

Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой тәрбиесі.

Бағыттаушы дәріс. Ақыл- ойдың дамуы бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл –ой дамуын әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Оны айналадағылар араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып , сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педогогика ғылыми ақыл-игеру , олардың қорын жинау , шығармашылық ойды дамыту және білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын , шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсаты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды , танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиді.

2. Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы-айналадағы адамдар , заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп,танымды дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі –ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамыуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп , сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсініуіне , тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл-ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі- оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін , еркін, табандылығын , төзімділігін , қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін , тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы –еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен , олардың пішіндері , көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.

3. Ақыл –ой тәрбиесінің әдістері: табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру , әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелеу, көрнекіліктер пайдалану, қызықтыру, т.б. ақыл-ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше. Сенсор- латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық процестер мен таным – ақыл- ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері- ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері- ақыл –ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүұниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз- түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрі- көркемсурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан (пластилин) мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып, желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педогогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады.

Сенсорлық тәрбие мазмұны-баланың түстерді ажырата алуы, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе реңк пайда болатынынүйрету. Сондай-ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипаи алатынын көре білу қабілетін дамытады. Мектепке дейінгі шақта «алға- артқа », «жоғары- төмен», «алыс-жақын», «солдан-оңнан», т.б. кеңістік туралы түсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдарды: «кеше», «бүгін», «ертең», т.б. арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде үйренуге қол жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайдадыбысты мұқият тыңдап , ажырата білуі, музыкалық есту қабілетін дамыту енеді. Сондай-ақ, заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білуі және оларды: тегіс, мамық, кедір-бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы, т.б. деп дұрыс атай білуге үйренеді.

Қортынды: Қорыта келе, ақыл-ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрвс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге , танымдық-психикалық процестерді дамытуға мән береді. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері, баланың ақыл-ойын дамытудағы сенсорлық тәрбиенің маңызына түсінеді.

Әдістемелік нұсқау. Дәрісте ұсынылған материалдарды оқушы –студенттер толық меңгеру үшін төмендегідей мәселелерге басым көңіл бөлуі шарт:

  • Ақыл-ой тәрбиесіне сәйкес негізгі тірек түсініктердің мәнін ашып, мағынасын түсінуі;
  • Ақыл-ой тіәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін нақты білуі;
  • Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны мен құралдарын айқындау білуі;
  • Ақыл-ой тәрбиесінің шарттары мен принциптерін және құралдарын жете түсінуі;
  • Ақыл-ой тәрбиесінің әдіс тәсілдеріне таратпа материалдар арқылы талдау жасалып, педогогикалық жағдаяттарды (есептерді) шешу арқылы меңгеру, тәжірибелік жаттығулар жасату.