^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Мектепке дейінгі кезіндегі ойын-зерттеу әрекеті.

Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау жасауға , өздігінен ізденуге әрекет етуі табиғи қалыпты жағдай. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені «зерттеп» білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған ортаны танып-білуді қалайды. Осындай ішкі ынта-ықылас зерттеу.

Подробнее...

Тәрбие төрт түрлі:
Дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі,
Сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі.
М.Жұмабаев.

Мектепке дейінгі жастағы эстетикалық тәрбие.

Мазмұны. Бағыттаушы дәріс. Эстетикалық тәрбие дегеніміз- қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілеті дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие дегеніміз- өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке , қоғам өміріне , тұрмысқа, өнерге эмстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді. Алайда өнерді танып-білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға , оған эмоциялық жауап беруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым,эстетикалық пікір, эстетикалық баға беруге қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс. Эстетикалық даму-баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі көркемөнердегі әсемдікті түсінуіне , оны қабылдауына педогогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту.

Подробнее...

Денені шымырландырудың ,
ерік-қайратты шыңдаудың,
ақылды алғырландырудың,
ойды салмақтандырудың жолын
білсең, сен-тәрбиешісің.
Ш.Летурно 

Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары. 

Бағыттаушы дәріс. Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.

Подробнее...

Музыкалық әдістемелік кеңес. 

Балалардың музыкалық мәдениетінің, эстетикалықталғамның қалыптасуына музыканың тигізер әсері орасан зор.

Балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың музыканы тыңдау, есте сақтау, әнді жеке қосылып орындау, әннің сөзін анық, дұрыс айту музыкаға деген сұйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру – музыка жетекшісінің шеберлігіне байланысты.

Подробнее...