^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен
тыс жерде педогогика
да жоқ, педагог те жоқ,
К.Д.Ушинский 

Халық педогогикасы материалдарын жас кезеңдеріне сәйкес пайдалану ерекшеліктері.

Шолу дәріс. Нәрестелік кезеңдегі бала тәрбиесіндегі халық дәстүрлері. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің табысты болуы тәрбиеші олардың жас және даму ерекшелігін дұрыс біліп, өмірін , іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты. Қазіргі мектепке дейінгі педогогика, психология ғылымдары бала дамуының бірқалыпты өтпейтіндігін (секірмелі, дағдарысты өтеді) ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге бөлінеді. Туғаннан бастап мектепк барғанға дейін кезеңде бала үш дағдарыс сәттерін : бір жаста, үш жста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге бөлінеді : Мұндай жас топтарына бөлінуі бағдарламалар , әдістемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмұнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала тәрбиесімен айналысатын болашақ мамандарға , ата-аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.

Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ , бұл кезеңде бала тез өсіп , дамиды. Осыны ескеріп мақсатты тәрбие , жақсы күтім жасалса, нәрестенің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.

Жас ерекшелік сипаттарын салыстыру (сызба-үлгіге талдау жасау).

Нәрестелік кезеңде баланың дұрыс дамуын ұйымдастыру үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық қажет . Жаңа туған балаға жарығы , жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш белгілеп, сонда әлпештеп күту керек. Бөлмені күніне бірнеше рет дымқыл шүберекпен сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап етіледі. Бала жататын бөлмеде шылым тартуға, кір жаюға, жаялықтарды кептіруге болмайды. Нәрестеге астына қатты төсеніш салынған , айналасы қоршалған төсек керек. Төсеніштің ішіне түбіт, мамық паралон салмай, мақтаны пайдалану қажет. Өйткені жұмсақ төсек ыстық болады да баланы терлетеді. Басына аласа жалпақ жастық қояды. Ал биік жастық омыртқасын қисайтады. Баланың астына жаялықтан кейін кішкентай сулық салады. Нәрестенің жаялығы мен сулығы , киімдерін (олардың бәрі мақтадан жасалады) күнделікті жуып, сыртқа кептіріп , екі жағын бірдей үтіктейді. Баланың киімдерін үлкендердің киімдерінен бөлек жуып, қайнатады. Нәрестені күнде жатар алдында шомылдырады. Баланы қайнатылған өсімдік майы, арнаулы кремдермен сылап-сипап майлайды. Алғашқы айларда ол өте нәзік кінәмшіл келеді, сондықтан оны әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтау , қолынан , бетінен сүймеу, бөтен адамдарды жолатпау, серуендеуге адамдар аз жүретін орындарды таңдау керек. 

Нәрестемен өткізілетін ойын-сабақтар (жеке және топпен өткізілетін) балабақша бағдарламасында көрсетілген. 

Аталған ойын сабақтардың , күн тәртібі тазалық талаптары мен күтімінің . тәрбие шараларының бәрі – нәрестенің дұрыс дамуы (ағзасының өсіп , қатаюы мен психиксының дамуы) үшін қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы нәрестенің негізгі ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтсақ , 2,5-3 және 5-6 айлық баланың қол қимылы дамуының қалыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда басым келеді. Осының салдарынан нәрестенің психикалық дамуына туа біткен атавизмдік рефлектер: жармасу, итеру, (аяқпен) қимылдары емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау ықпал етеді; ал еңбектеу итеруден емес, қолдың қозғалысынан басталатынын , сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға қажетті қимылдарды үлкендердің үйретуі мен жаттықтыру незізінде қалыптасатындығын ғалымдардың (Н.М. Аксарина, Г.М.Лямина, т.б.) зерттеу нәтижелері дәлелденген .

Нәрестенің көруі мен естуінің ерекшелігі – дене қозғалысынан жылдамырақ дамуы, жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігі шексіз.
Нәрестенің дамуына үлкендердің қарым – қатынасы және осы жастағы тәрбиенің халық дәстүрлеріндегі маңызына тоқталайық.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең-жыр менәңгіме , ертегі , тақпақ, санамақ арқылы тәрбелеп отырған . Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиасын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға , түрлі белгілерге қарап жол тауып , қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып , алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де құралайды көзге атып түсіретін мерген болған. Халық педогогикасының үлкен бір саласы- қазақ халқының салт – дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келіп, әсерлі әдет-ғұрып , салт-дәстүрлері болып халықтың өмірінде салт-сана болып қалыптасқан. Халық педогогикасындағы салт-дәстүрлерлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдастырылуы саот-сана деп аталады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші –ұлттық намыс, ұлттық-абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышын өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың , салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Нәрестелік кезеңде осы халық дәстүрлерінің алатын орны ерекше. Нәрестелік кезеңнен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып, жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді. Олардың қатарында нәресте шыр етіп дүниеге келген күннен басталатын «Шілдехана», «Бөбекті қырқынан шығару», «Балаға ат қою», «Бесік той», т.б. сияқты рәсімдерді атап айтуға болады.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті- тәрбие құралы. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ , жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ , өс-өс, жырлар мен ертегілер, аңыз-әңгімелер- бәрі де тілді, ойды дамытып , тәлім – тәрбие беріп , дүниені танытатын ғаламат туындылар. Бұл халық педогогикасына үлкен бір саласы. Жалпы педогогика ғылымның негізгі халық педогогикасында жатыр. Халық педогогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педогогиканың барлық салаларында ғылыми іс-әрекеттік негізінде пайдалануға болады.

3. Бала дамуындағы іс-рекеттің ықпал етуін айқындауда тәрбиеші іс-әрекеттің алуан түрлермен танысады.

Олар:

  1. Ойын әрекеті- негізгі болып табылады.
  2. Оқу әрекеті- жоспарлы, жүйелі жүргізуді талап етеді.
  3. Еңбек әрекеті – оның мазмұнын, әдіс тәсілдерін игеруді көздейді.
  4. Қоғамдық әрекетте балаларды ұжымдық жалпы тапсырмаларды орындауға үйретеді.
  5. Көркемөнер әрекеті барысында баланың көркемдік ой-қиялын, арманын, елестету сезімін, логикасын дамытуға назар аударады.
  6. Спорттық әрекетте баланың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту жолдары қарастырылады. 

4. Бала тәрбиесіндегі сал-дәстүрлер. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін, өзіне тән ерекше талаптары қалыптасқан. Халқымыздың салтында сәбиді қастерлеу өте биік мұрат болып саналады. Ұл мен қызды бөле ажыратпайды , бәріне бірдей әкелік , аналық ерекше мейрімділікпен қарайды. Ұл баланы мұрагер, қыз баланы жатты жақындатушы деп ерекше ілтипатпен үміт артады. Сондықтан да үйге жас сәби келсе дос, жолдастары, ата-ананы сәбимен құттықтап, қалауын білдіреді. Мұндай жағдайда қымбат бұйым болса да қалаушыны риза етеді. Өйткені қалаушыны ниеті ұлық болып саналады. Ал жомарттық –біздің халқымыздың өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі. Осындай ғасырдан-ғасырға ұласып, ел екшеуінен өтіп, мол да шексіз қазына болып қалыптасқан асыл мұратымыз халық педогогикасының лайланбас тұнығын, тот баспаған асылын әрбір баланың бойына сіңіру-бүгінігі күннің еңселі міндеті. Бұлай болмағанда , қалыптасқан тәрбие незінде ащы да терең шындық бар екені баршамызға аян. Тілін білмеген тіленіп, салт-дәстүрін білмеген кірленіп, елін сүймеген күйініп өтетін әрбір азамат білуге тиіс. Осыған орай, тәрбие отбасынан басталып, балабақшада,мектепте жалғасын тауып , дамытыла түсуі керек. Балабақша мен мұндағы жүргізілетін іс-шаралардың барлығы да халық педогогикасы негізінде жүргізілгені орынды. Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде баланың ақыл-ой, парасатты, имандылық, адамгершілік, ізгілік тәрбиесіне баулуда халықтың салт-дәстүрлерді пайдалануға, тұрмыс-салт негізінде тәрбиелеуге басым көңіл бөлу қажеттілігі туындайды. Ол үшін әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер , әсемдікке тәрбиелеу , көркемдік қабілеті мен талғампаздыққа баулу, еңбекті сүйе білуге, экологиялық және экономикалық тәрбиені , азаматтық жауапкершілік пен құқық тәрбиесіне , ұлттық тәрбиеге басым көңіл бөлу керек.

 

Қортынды: Мектепке дейінгі кезеңдегі жас ерекшелігінің даму сипаттарын білу арқылы оқушы –студенттер болашақта балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт алады. Баланың әр жас дамуын нақты танып біліп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндіктер жасалады. Бала дамуындағы іс-әрекеттің маңызын жете түсініп , оны ұйымдастырудың әдіс-тәслдерін мегереді. Педогогикалық дағдыларды игеріп , болашақтағы мамандықтарының негізгі қаланады.

Әдістемелік нұсқау. Дәріс материалдарын игеру үшін негізгі мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуына ықпал ететін негізгі үш факторлардың қайсысы жетекші рөл атқаратынын айқындап алу маңызды. Сондай-ақ негізгі түсініктерді нақтылап, жас ерекшеліктерін ажырата білуге басым көңіл бөлу керек. Жас топтарын естерінде сақтап , тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарының мазмұны біртіндеп күрделенетінін, бағдарлама талаптары талаптарына сәйкес ұйымдастыра білу жолдарын түсіндіру қажет. Халық педогогикасы материалдарын жас кезеңдеріне сәйкес пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қарастыру. Әр жас тобына сәйкес лайықты материалдар жинақтап, жүйелеу. Халық педогогикасы мен этнопедогогиканың анықтамасын жазу, айырмашылығын анықтап алу қажет.